Желание знать, готовность
к сотрудничеству

 
Информация о КазКА (каз)
Меню сайта

Форма входа
Важное
Первая Международная Конференция [7]
«Коммуникативное пространство как «Мир без границ»
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Наш опрос
А вы знаете кто создал сайт?
Всего ответов: 4
Мы рекомендуем:

© Администрация сайта

Статистика



Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

[Гость]
Поиск
Приветствую Вас, Гость · RSS

РУС / ҚАЗ
Қазақстан Коммуникативтік Ассоциациясы 2010 жылдың қазан айында өз жұмысын бастады. Бұл ұйым Қазақстанның қарым-қатынас кеңістігінде жұмыс істейтін теоретиктер мен практиктерді біріктіреді, сонымен қатар, оның коммуникативтік дағдыны дамытушы және қарым-қатынас біліктілігінің деңгейін арттырушы арнайы тренингтерді, ғылыми зерттеулерді өткізуге мүмкіндік беретін қажетті интеллектуалды және кәсіби әлеуеті бар. Бүгінгі күнге дейін ҚазКА дәл осы іспен айналысып келеді. ҚазКА-ның күш жігерімен Қазақстанның Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері (ҚазХҚжәнеӘТ) университетінде дөңгелек үстел, 2011 жылғы Азияда волонтерларына тренингтер өткізіліп, 2011 жылдың маусым айының 27-28 күндері аралығында Бірінші «Коммуникативтік кеңістік – шексіз әлем» атты Халықаралық Конференцияны өткізу жоспарланып отыр. 

Ассоциация құрамына ҚазКА секциясының ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын бекітуші Координациялық кеңес және ҚазКА Жастар Бастамасы Секторы кіреді. 

ҚазКА-ның негізгі міндеті мемлекеттің біртұтас коммуникативті кеңістігін қалыптастыру мақсатында, халықаралық, бұқаралық, кәсіби қарым-қатынас саласында жұмыс істейтін мамандар күшін біріктіру; қарым-қатынастың қоғамда және жеке өмірдегі маңыздылығын жақсы түсінуге және қарым-қатынас туралы білімді өмірлік мәселелерді шешуде қолдана білуге атсалысу болып табылады.

Осы міндеттерге орай, ҚазКА алдына бірнеше мақсат қояды:
  • Қазақстан Республикасының имиджін жақсартуға көмектесетін жобаларды жасап шығару мен басқару;
  • Корпоративтік сәйкестіліктің құрамды бөлігі ретінде қарым-қатынас мәдениетін дамытуды жөн көретін, қазақстандық компанияларға тренингтік, ақпараттық және консалтингтік қолдау көрсету;
  • Қазақстандық компаниялар менеджерлерінің қарым-қатынас біліктілігін арттыру;
  • Бұқаралық қарым-қатынаспен, әлеуметтік байланысты басқарумен, коммуникативистиканың қосалқы аспектілерімен және тағы басқаларымен байланысты ғылым саласындағы негізгі және актуалды білімнің бірізділігін қолдау;
ҚазКА-ның негізгі атқаратын істері:
  1. Коммуникативистиканың қосалқы технологиясы және методологиясы, мүмкіндіктері жайлы берілетін білімнің таралуындағы және меңгерілуіндегі тұрақты біліктілігі бар қоғамды қатыстыруға бағытталған теоретиктер мен коммуникатор-практиктердің күшін біріктіретін инновациялық жоба алаңын жасап шығару;
  2. Бұқаралық қарым-қатынаспен, әлеуметтік байланысты басқарумен және коммуникативистиканың қосалқы аспектілерімен және тағы басқаларымен байланысты ғылым саласындағы негізгі және актуалды білімнің бірізділігін қолдау;
  3. Ғылыми-зерттеу және ағартушылық ісі;
  4. Қарым-қытынас жасау мәселелелеріне және қарым-қатынасқа үйретуге байланысты кәсіби конференцияларды (конкурстарды, жәрмеңкелерді, фестивальдарды) ұйымдастыру және өткізу;
  5. Қарым-қатынас кеңістігінде және БАҚ саласындағы сараптаманы іске асыру;
  6. Корпоративтік сәйкестіктің құрамды бөлігі ретінде қарым-қатынас мәдениетін дамытуды жөн көретін, қазақстандық компанияларға тренингтік, ақпараттық және консалтингтік қолдау көрсету, қазақстандық компаниялар менеджерлерінің қарым-қатынас біліктілігін арттыру;
  7. Әр тұлғаның потенциалының дамуына көмектесетін, мәдениаралық қарым-қатынастың тиімді технологиясын енгізу және қарым-қатынас мәдениетінің қоғамдық кеңістігін жасап шығару.
Казахстанская Коммуникативная Ассоциация © 2024