Қазақстан Коммуникативтік Ассоциациясы 2010 жылдың қазан айында өз жұмысын бастады. Бұл ұйым Қазақстанның қарым-қатынас кеңістігінде жұмыс істейтін теоретиктер мен практиктерді біріктіреді, сонымен қатар, оның коммуникативтік дағдыны дамытушы және қарым-қатынас біліктілігінің деңгейін арттырушы арнайы тренингтерді, ғылыми зерттеулерді өткізуге мүмкіндік беретін қажетті интеллектуалды және кәсіби әлеуеті бар. Бүгінгі күнге дейін ҚазКА дәл осы іспен айналысып келеді. ҚазКА-ның күш жігерімен Қазақстанның Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері (ҚазХҚжәнеӘТ) университетінде дөңгелек үстел, 2011 жылғы Азияда волонтерларына тренингтер өткізіліп, 2011 жылдың маусым айының 27-28 күндері аралығында Бірінші «Коммуникативтік кеңістік – шексіз әлем» атты Халықаралық Конференцияны өткізу жоспарланып отыр.
Ассоциация құрамына ҚазКА секциясының ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын бекітуші Координациялық кеңес және ҚазКА Жастар Бастамасы Секторы кіреді.
ҚазКА-ның негізгі міндеті мемлекеттің біртұтас коммуникативті кеңістігін қалыптастыру мақсатында, халықаралық, бұқаралық, кәсіби қарым-қатынас саласында жұмыс істейтін мамандар күшін біріктіру; қарым-қатынастың қоғамда және жеке өмірдегі маңыздылығын жақсы түсінуге және қарым-қатынас туралы білімді өмірлік мәселелерді шешуде қолдана білуге атсалысу болып табылады.
Осы міндеттерге орай, ҚазКА алдына бірнеше мақсат қояды:
- Қазақстан Республикасының имиджін жақсартуға көмектесетін жобаларды жасап шығару мен басқару;
- Корпоративтік сәйкестіліктің құрамды бөлігі ретінде қарым-қатынас мәдениетін дамытуды жөн көретін, қазақстандық компанияларға тренингтік, ақпараттық және консалтингтік қолдау көрсету;
- Қазақстандық компаниялар менеджерлерінің қарым-қатынас біліктілігін арттыру;
- Бұқаралық қарым-қатынаспен, әлеуметтік байланысты басқарумен, коммуникативистиканың қосалқы аспектілерімен және тағы басқаларымен байланысты ғылым саласындағы негізгі және актуалды білімнің бірізділігін қолдау;
- Коммуникативистиканың қосалқы технологиясы және методологиясы, мүмкіндіктері жайлы берілетін білімнің таралуындағы және меңгерілуіндегі тұрақты біліктілігі бар қоғамды қатыстыруға бағытталған теоретиктер мен коммуникатор-практиктердің күшін біріктіретін инновациялық жоба алаңын жасап шығару;
- Бұқаралық қарым-қатынаспен, әлеуметтік байланысты басқарумен және коммуникативистиканың қосалқы аспектілерімен және тағы басқаларымен байланысты ғылым саласындағы негізгі және актуалды білімнің бірізділігін қолдау;
- Ғылыми-зерттеу және ағартушылық ісі;
- Қарым-қытынас жасау мәселелелеріне және қарым-қатынасқа үйретуге байланысты кәсіби конференцияларды (конкурстарды, жәрмеңкелерді, фестивальдарды) ұйымдастыру және өткізу;
- Қарым-қатынас кеңістігінде және БАҚ саласындағы сараптаманы іске асыру;
- Корпоративтік сәйкестіктің құрамды бөлігі ретінде қарым-қатынас мәдениетін дамытуды жөн көретін, қазақстандық компанияларға тренингтік, ақпараттық және консалтингтік қолдау көрсету, қазақстандық компаниялар менеджерлерінің қарым-қатынас біліктілігін арттыру;
- Әр тұлғаның потенциалының дамуына көмектесетін, мәдениаралық қарым-қатынастың тиімді технологиясын енгізу және қарым-қатынас мәдениетінің қоғамдық кеңістігін жасап шығару.