Желание знать, готовность
к сотрудничеству

 
Пакет спонсорского участия (каз)
Меню сайта

Форма входа
Важное
Первая Международная Конференция [7]
«Коммуникативное пространство как «Мир без границ»
Календарь
«  Сентябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Архив записей
Наш опрос
Есть ли дружба между М и Ж?
Всего ответов: 1
Мы рекомендуем:

© Администрация сайта

Статистика



Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

[Гость]
Поиск
Приветствую Вас, Гость · RSS

РУС / ҚАЗ
Бірінші Халықаралық Конференция
«КОММУНИКАТИВТІК КЕҢІСТІК - «ШЕКСІЗ ӘЛЕМ»

КОНФЕРЕНЦИЯ туралы

2011 жыл маусымның 27-28 жұлдыздарында Қазақстанның көп салалы «Парасат» институтында «КОММУНИКАТИВТІК КЕҢІСТІК - «ШЕКСІЗ ӘЛЕМ» атты Бірінші Халықаралық Конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты
– кәсіби, бұқаралық және халықаралық коммуникация саласында жұмыс істеп, түрлі бағытты ұстанатын мамандардың, теоретиктер мен тәжірибешілердің келесі өзекті сұрақтар бойынша көзқарастарымен және іс-тәжірибелерімен алмасуы:
  1. Қазақстан халықаралық аренадағы нығайып келе жатқан саяси қарым-қатынаста;
  2. Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджі;
  3. Жаһандастыру шарттарында коммуникация – саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселе ретінде;
  4. Жоғарғы мектепте коммуникативтік мәдениеттің қалыптасуы (социолингвистика, психолингвистика, тілдерді үйрету, әдебиеттің коммуникативті табиғат мәселелері және т.б.);
  5. Халықаралық білім беру кеңістігін қалыптастырудағы коммуникативті және мәдениетаралық ағарту ісі;
  6. БАҚ және Интернет: өзекті коммуникативтік үрдіс;
  7. Қазіргі замандағы «медиареволюция» феномені;
Өткізілетін орны: Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде (ҚБТУ) және Қазақстанның көп салалы «Парасат» институты
Өткізілу уақыты: 2011 жыл 27-28 маусым
Ұйымдастырушылар: ҚАЗАҚСТАН КОММУНИКАТИВТІК АССОЦИАЦИЯСЫ
Қатысушылар: кәсіби, жалпылама және халықаралық коммуникация саласында жұмыс істеп, түрлі бағытты ұстанатын тәжірибешілер, ғалымдар, зерттеушілер;

Шетелдік спикерлер:
Дебора Бэллард-Рейх, доктор, (Phd), профессор, стратегиялық коммуникация және қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің деканы, Уичито университеті АҚШ, АҚШ-тың Ұлттық коммуникативтік ассоциация (NCA) мүшесі, стратегиялық коммуникация саласындағы танымал зерттеуші, коммуникацияның өзекті мәселелеріне арналған еңбектердің авторы.
         Сергей Самойленко, Джордж Мейсон университеті, АҚШтың Ұлттық коммуникативтік ассоциация (NCA) мүшесі, қоғаммен қарым-қатынас ісі жөніндегі Американдық ассоциацияның Вашингтондық филиалындағы университеттермен байланыс кеңесінің жетекшісі (PRSA), NCA-ның жылдық конвенциясына сәйкес NARCA-ның Ресейдегі, ТМД-дағы және Шығыс Европа мемлекеттеріндегі коммуникативті зерттеу секциясын ұйымдастырушы, «Серебряный Лучник» (Күміс садақшы) атты Ұлттық сыйақының сарапшы кеңесінің мүшесі, Oxford University Press баспаханасының пікір берушісі.
        Ван Янчжэн, доктор, профессор, Чжецзян университетінің (Кытай) орыс тілі факультетінің деканы, шетел тілін оқыту Консультативті комитетінің мүшесі, ҚХР-ның Білім беру министірлігіндегі шетел тілдерін оқыту Консультативті комитетінің орыс тілі бөлімінің басшысы, КПРЛЯЛ-дың тұрақты мүшесі, Чжэцзян провинциясы шет тiлдерiнiң тұрақты қауымдастық мүшесi, Қазақстан коммуникативті ассоциациясының мүшесі (ҚазКА)

Ақпараттық және PR серіктестер: «Royal Partners Group» компаниясы, «VIP Promotion communication group», «ТАҢ» телекомпаниясы.

КОНФЕРЕНЦИЯ серіктестері
Әр-түрлі салада жұмыс істейтін көптеген компаниялар Конференцияның серіктесі бола алады. Мысалы, әуе жолдары, қонақ үй кешендері, БАҚ, автокөлік дистрибьюторлары, мейрамханалар және т.б. Әр серіктес Конференциядан өз мүдделерін таба алады:
-кең аудитория;
- мәртебелілік;
- Конференцияға БАҚ-тың қатысуы;
- промо-акция өткізуге арналған тиімді платформа;
- имиджді қалыптастыру және өз компаниясының орнын анықтау.
Мүмкіндіктер
Конференция серіктесі болу тек қана үлкен жауапкершілік емес, сонымен қатар, бұл – компанияның көтеріліп, жаңа имидждік биіктікте қалыптасуына мүмкіндік беретін дәреже.
Сіз тек жай қатысушы-серіктес болып қоймай, осындай тақырыптағы бірінші Конференцияның нышанына айналуыңыз да мүмкін. Конференцияға қатысты серіктестіктің бірнеше нұсқасын ұсынамыз:
  • Бас әріптес
  • Ақпараттық әріптес
  • Әріптес
  • Промоушн пакет
Ақпараттық әріптес пакеті
Теледидардағы жарнамалық құлағдар ету, жарнамалық модульдерді, құлағдар етулерді , есептерді БАҚ-тың баспа түрлерінде орналастыру, көз мөлшерімен өнім кейпіндегі әріптестік.

  • Конференция өнімдерінде Ақпараттық әріптестің логотипінің орналасуы:
  • Конференцияның басты банері;
  • Қатысушыларға, аккредиттелген журналистерге және қонақтарға арналған пакеттер.
  • Конференция өткізілетін залға Ақпараттық әріптес банерлерінің қойылуы;
  • Конференция демеушілерімен, қатысушылармен және ұйымдастырушылармен естелік суреттері
Бас әріптес пакеті – 7 000 у.е.
  • Конференция басталуының алдында айтылатын құттықтау сөзінде Бас әріптес жайлы айту;
  • Конференцияның салтанатты ашылуында өз компаниясының атынан сөз сөйлеу мүмкіндігінің берілуі;
  • Конференция өнімдерінде Бас әріптестің логотипінің орналасуы;
  • Конференция өткізілетін залға Бас әріптес банерлерінің қойылуы;
  • Қалауы бойынша, Конференция қатысушылары арасында демеушінің көрсететін қызметтері және тауарлары туралы мәліметтің таралуы;
  • Конференция жұмысы кезінде өз продукциясын таныстыру мүмкіндігінің берілуі;
  • Конференция демеушілерімен, қатысушылары және ұйымдастырушыларымен естелік суреттері;
  • Әріптеске, қаржы аударылған уақыттан бастап 6 ай ішінде Қазақстан Коммуникативтік Аассоциациясынан өз жұмыскерлері үшін тренингтік бағдарламаларға тапсырыс берсе, 30% жеңілдікті қолдануға мүмкіндік беру.
Ресми әріптес пакеті – 5 000 у.е.
  • Конференция басталуының алдында айтылатын құттықтау сөзінде Ресми әріптес жайлы айту;
  • Конференция өткізілетін залға әріптес банерлерінің қойылуы;
  • Конференция өнімдерінде әріптестің логотипінің орналасуы;
  • Конференция қатысушылары арасында демеушінің көрсететін қызметтері және тауарлары туралы мәліметтің таралуы;
  • Әріптеске, қаржы аударылған уақыттан бастап 6 ай ішінде Қазақстан коммуникативтік ассоциациясынан өз жұмыскерлері үшін тренингтік бағдарламаларға тапсырыс берсе, 20% жеңілдікті қолдануға мүмкіндік беру.
Пакет Әріптес пакеті – 2 000 у.е.
  • Конференция басталуының алдында қатысушыларға айтылатын құттықтау сөзінде әріптес жайлы айту;
  • Конференция өткізілетін залға әріптес банерлерінің қойылуы;
  • Конференция өнімдерінде әріптестің логотипінің орналасуы;
  • Конференция қатысушылары арасында демеушінің көрсететін қызметтері және тауарлары туралы мәліметтің таралуы.
Промоушн пакеті

Аталуы

Құны, тг.

1

Конференция өткізілу барысында промо-акция өткізу

70 000

2

Конференция өткізілу барысында компанияның электронды банерінің ерекше порталда орналастырылуы

20 000

3

Конференцияда компанияның жарнама өнімдерінің, буклеттерінің және анықтамалық басылымдарының қойылуы

50 000

4

Конференция барысында компания банерінің орналастырылуы

25 000



 Байланыс ақпараты:
Серіктестік мәселесі бойынша келесі телефонға +7 (727) 327 58 72 немесе e-mail: kazcainfo@gmail.com , spindoc59@mail.ru – «Қазақстан коммуникативтік ассоциациясы» мекен-жайына хабарласыңыз.
Казахстанская Коммуникативная Ассоциация © 2017