РУС / ҚАЗ
ҚАЗАҚСТАН КОММУНИКАТИВТІК АССОЦИАЦИЯСЫ
ҰСЫНАДЫ
«ҚОСАЛҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР» атты
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖОБА
1. ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА НЕГІЗ БОЛҒАН: - 2010 жылдың 29 қаңтарында жіберілген Елбасының Қазақстан халқына арналған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы;
- Қазақстан Республикасы Басқармасының 2010 жылдың 13 сәуіріндегі «2020 бизнес жол картасы» атты бағдарламасын бекіту жөніндегі үкімі;
- Тәуелсіз Мемлекет Достастығы Экономикалық кеңесінің ТМД елдері бағдарламалары мен жобаларының жаңарушылық кеңістікте ғылыми-ақпараттық жабдықталуы туралы концепциясы жөніндегі шешімі (2009 жыл 13 сәуір, Мәскеу);
- Тәуелсіз Мемлекет Достастығы басқармасының басшылар кеңесінің ТМД елдерінің 2009-2010 жылдарындағы гуманитарлық әріптестік кеңістігіндегі жүзеге асырылушы іс-шаралар жоспары жөніндегі шешімі (2009 жыл 22 мамыр, Астана);
- ТМД елдерінің «Білім және Ғылым» бөлмесінің IV шығармашылық және ғылыми интеллигенция форумының ұсынысы (2009жыл 25 қыркүйек, Кишинев);
- ТМД елдерінің Басқарма басшылар кеңесінің ТМД елдерінде 2009 жылды-Жастар жылы, 2010 жылды-Ғылым және Жаңару жылы ретінде жариялау жөніндегі шешімі (2008 жыл 10 қазан, Бішкек).
2. ЖОБА МАҚСАТТАРЫ: - Коммуникативистиканың қосалқы технологиясы және әдістемесі, мүмкіндіктері жайлы берілетін білімнің таралуындағы және меңгерілуіндегі тұрақты біліктілігі бар қоғамды қатыстыруға бағытталған теоретиктер мен коммуникатор-практиктердің күшін біріктіретін инновациялық жоба алаңын жасап шығару;
- Қазақстан компаниялары менеджерлерінің қарым-қатынастағы құзыреттілігін арттыру;
- Қарым-қатынас мәдениетінің қоғамдық кеңістігін қалыптастыру;
- Мәдениаралық қарым-қатынастың өнімді технологияларын енгізу;
- Коммуникативистиканың қосалқы аспектілерімен және қоғамдық байланысты басқарумен, бұқаралық қарым-қатынаспен байланысты ғылым саласындағы маңызды және негізгі білімді меңгертуді қолдау;
- Қарым-қатынас мәдениетін, корпоративті жекеліктің құраушы бөлігі ретінде танып, оны дамыту мәселесіне көңіл бөлушілердің қазақстан компанияларына консалтингтік және ақпараттық қолдау көрсетуі;
3. ЖОБА МІНДЕТТЕРІ: - Қазақстан компаниялары менеджерлерінің қарым-қатынастағы құзыреттілігін зерттеу;
- Қазақстан компаниялары мен менеджерлерінің қарым-қатынастағы құзыреттілігін бағалайтын белгілі стандарттарды бекіту. Бұл белгілі стандарттарды компания менеджерлерінің қарым-қатынастағы құзыреттілігін бағалау негізі ретінде қызмет атқаратын болады.
- Қосалқы коммуникативті міндеттерін шешуге және коммуникативтік құзыреттілікті арттыруға бағытталған тренингтермен Қазақстандық компанияларды және ұйымдарды қамтамасыз ету.
- Қосалқы қарым-қатынастылықтың түрлі бағыттары бойынша жұмыс атқарушылар мен менеджерлерге көмек ретінде «Библиотечки эффективного коммуникатора» атты әдістемелік нұсқауларды дайындау және басып шығару.
- Жоба барысында ТМД елдерінен, Ресейден, сонымен қатар АҚШ және Еуропа елдерінің қатысуымен өтетін семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу.
- Коммуникативті құзыреттілік бағалылығын және мәдениаралық қарым-қатынас ерекшеліктерін, іскер және жалпы, тұлға аралық қарым-қатынасты қалыптастыру технологиясы мен әдістері жайлы қазақша, орысша және ағылшанша материалды дайындау, БАҚ-та орналастыру.
4. ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫСЫЗ ҚОЛДАУ: - Отандық инвестициялар.
- Демеушілік және әріптестік.
- БАҚ-тың ақпараттық қолдауы.
- Мемлекеттік мекемелер тарапынан ұйымдастырушылық қолдау.
5. ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ МЕРЗІМІ: 2010-2012
6. ЖОБАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ: - АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ: сәуір-қараша 2010ж
- ДАМУЫ: 2011 ж қаңтар-2012 ж шілде.
- ЖОБАНЫАЯҚТАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ: шілде-желтоқсан 2012ж.
|